RU EN UA KZ
Бас
+7 (812) 323-75-97
Мұнай өнімдерінің қасиеттері мен экологиялық бақылауды талдауға арналған аспап
b01
b02
 

Мұнай өнімдерінің ағуы мен тұрып қалуын анықтауға арналған аппарат

lazm-bthmb.jpg

ЛАЗ-М

Аппарат мұнай өнімдерінің – дизель отынының, майлар мен мазуттардың сапасын бақылау үшін қолданылады және отандық және шет елдік стандарттарға сәйкес ағу немесе тұрып қалу температураларын автоматты анықтауға арналған (МЕМСТ 20287, ASTM D 97, ISO 3016). Аппарат мұнай базалары мен терминалдарының, мұнай өңдеу зауыттарының, темір жол мен автокөлік кәсіпорындарының зертханаларында, стандарттау және метрология орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарында кеңінен қолданылады.

Мұнай өнімдерінің тұрып қалу температурасынан төмен салқындатқан кезде майлар мен отындардың тұрып қалуы, оны сақтау орнынан айдауға кедергі келтіреді. Сондықтан да май мен отынның тұрып қалу температурасын анықтау, сол сыяқты ағу температурасын анықтау мұнай өнімдерінің сапасын зертханалық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. ЛАЗ-М аппаратын қолдану арқылы талдауды автоматтау аналитикалық бақылаудағы еңбек сыйымдылығын төмендету мен нәтижелердің дәлділігін арттыру мүмкіндігін береді.

ЛАЗ-М аппаратында тұрып қалу температурасын немесе ағу температурасын автоматты анықтаған кезде май мен отынның қыздыру, сол сыяқты салқындау температуралық режимі толықтай МЕМСТ 20287 бойынша А тәсіліне (ISO 3016, ASTM D 97) немесе Б тәсілі бойынша сынақ талаптарына сәйкес келеді. Май мен отынның тұрып қалу температурасы немесе ағу температурасының жетістігі манометриялық құрылғының көмегімен айрықша әдіспен бекітіледі. Тұрып қалу температурасын анықтаудың немесе ағу температурасын анықтаудың нәтижелері сандық таблода беріледі.

Апараттың негізгі тораптарының жұмысын өздігінен диагноздау мен сандық таблода табылған жөнсіздіктер туралы мәліметті шығару көзделген.

Тұтынушының түсінікті және қолайлы интерфейсі аспапты қарапайым қолдануды қамтамасыз етеді.

Техникалық сипаттамалар

  Ағу мен тұрып қалу температураларын анықтау диапазоны -40 оС бастап +30 оС дейін
Өтушілігі

2 оС тұрып қалу температурасын анықтаған кезде.

3 оС ағу температурасын анықтаған кезде

Қайталанғыштығы

6 оС ағу температурасын анықтаған кезде

8 оС тұрып қалу температурасын анықтаған кезде

Ақпараттың берілу түрі сандық табло
Қоршаған ауа температурасы, оС +10 оС бастап +35 оС дейін
Температуралық датчик платиналы термометр
Қозғалысты жоғалтуді детектрлеу автоматты
Салқындату жүйесі жартылай өткізгіштік салқындату элементтері, +25 оС аспайтын температурадағы су және шығыны сағатына 0,04 м3/час
Электрмен қоректену параметрлері: 220 В, 50 Гц
Тұтынылатын қуаттылық 70 Вт
Габаритті өлшемдері 266 х 407 х 230 мм
Массасы 10 кг

ЛАЗ-М тапсырыстың қалауымен бағдарламамен жинақталады, ол ПК-мен аспаты басқару мүмкіндігін береді, әр сынақтың түбегейлі хаттамасын сақтайды және есепті басып шығарады.

Тауарлар тізіміне қайтып келу

  Цена (без НДС): 272000 руб.

      доставка